КӘСІБИ БАҒДАР 2024
Жамбыл облысы, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының мектеп бітіруші түлектері мен оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ауданның мәдениет үйлерінде кездесу өтті.
Шараға Меркі, Т.Рысқұлов ауданының мектеп бітіруші түлектері мен ұстаздары, аудан әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары қатысты. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков оқу ордамыз туралы толық ақпарат беріп, материалдық-техникалық базамен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім беру бағдарламаларымен толық таныстырды.
Сонымен қатар "Экономика және бизнес" және "Педагогика" факультетінің оқытушылары факультет даярлайын мамандықтар туралы мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында институтымыздың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынды.