COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Арнаулы салық режимдері. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» тақырыбы бойынша ашық сабақ

«Арнаулы салық режимдері. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» тақырыбы бойынша ашық сабақ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы Айтбаева Дильда Тукеновна УА-20-2 тобында «Салық есебі және есептілік» пәнінен «Арнаулы салық режимдері. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізді.

Өтілген тақырыптар бойынша «Своя игра» ойыны ойналды. Викторинаның мақсаты-студенттердің білімі мен жауап беру жылдамдығын тексеру ғана емес, сонымен бірге жағдайды жеңілдету және ойынға қатысушыларды жақындастыру болып табылады.

«Салықтар», «Қазақстан Республикасының салық жүйесі», «Әлем елдерінің салықтары», «Салық режимдері» тақырыптары бойынша сұрақтардың күрделілігі бойынша сұрақтар берілді.Келесі кезекте студенттер берілген үй тапсырмасы тақырыптар бойынша слайд көрсетіп презентация қорғады: Үш компонентті біріктірілген (ҮКБ) жүйені, Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі,сондай-ақ оқытушы арнайы салық режимдерінің салыстырмалы сипаттамасын көрсете тұра, мысалдар келтірді. Ашық сабақтың қорытынды кезеңі – өткен материалдарды тексеру үшін - https://wordwall.net/ru білім беру платформасында «Ойын шоуы» викторинасы өткізілді.

Ашық сабаққа «Сапа аккредиттеу және рейтинг» басқармасының жетекші маманы Искакова Балқадиша Жалғасқызы және «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушылары Ғ.М.Жантаева, С.О.Танатова және оқытушы Д.М.Аширалиева қатысты.