COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі

Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы мен "Жаратылыстану" факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге «Желтоқсан-86» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бердалиев Мұрат, желтоқсаншы Иманкулова Светлана, «Желтоқсан желі» әнінің авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, композитор Тінәлі Әбиірбек Берденұлы арнайы шақырылды.

Шараны Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті Махметғали Сарыбеков құттықтау сөзімен бастап, тарихи кезеңге тоқталып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Өз кезегінде қонақтарымыз сөз алып, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Кездесу соңында қонақтарымызға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.