COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Адамның жеке және кәсіби өсуі

Адамның жеке және кәсіби өсуі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты базасында академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Акмарал Кадырова басшылығымен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығының модераторы К.Каршалованың «Адамның жеке және кәсіби өсуі» тақырыбында тренинг өткізді.

Аталған тренингке құрылымдық бөлім басшылары, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты. Тренингтің мақсаты: әріптестік өзара қарым-қатынасты нығайту арқылы инклюзивті білім беруді жандандыру.

Тренинг барысында психологиялық танымдық сұрақтар қойылып, жеке пікірлер талқыланды. Түрлі деңгейдегі топтық ойындар ұйымдастырылып, тапсырмалар берілді. Әр қатысушы өздеріне берілген картаға тұлғалық қасиеттерін толтырып, сұрақ-жауап алмасу жүргізілді. Тренингтің мақсаты барлық қатысушылардың белсене қатысулары нәтижесінде орындалды. Инклюзивті білім беру күнделікті даму арқылы білімалушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етеді.Осы ретте семинарлар мен тренингтердің үлесі зор.

ХТИИБІЛІМ
Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор А.Кадырова