COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Пәндік олимпиада

Пәндік олимпиада

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Тарих және география"кафедрасына қарасты 6В01602 Тарих білім беру бағдарламасының 1 және 4 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу, қазіргі заман ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Пәндік олимпиада 3 кезең бойынша өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 1- орынды Атамекен тобы Тар-20-1, 2 орын Жалынды жастар тобы Тар-23-1, 3- орынды Руханият Тар-21-1 тобы иеленді. Оқыту барысында өткізілетін олимпиадалар студенттердің озық ойлылыққа, жан- жақты салыстырушылыққа, қызығушылыққа, түрлі болжамдар жасауға тәрбиелейді.