COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Пәндік олимпиада

Пәндік олимпиада

2023 жылдың 14-желтоқсан күні сағат 10:00-де “Жаратылыстану мамандықтары” кафедрасы ұйымдастырған 6В05401- ”Математика” және 6В01502- “Математика және физика” білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың ашылу салтанатын “Жаратылыстану мамандықтары” кафедрасының меңгерушісі Шырақбаев А.Б. ашып берді. Студенттерге олимпиада ережесі түсіндіріліп, сәттілік тіледі.

Комиссия мүшелер қатарында Шырақбаев А.Б., Айтбаева И.Ш., Әбдраманова Ж.Қ.. Олимпиада барысын бақылап, әділ бағаларын берді.

Олимпиада билет түрде 2 теория мен 1 практика бойынша тапсырмалар берілді. Орындалу барысына 40 минут уақыт берілді.

Нәтижесінде әділ қазылар мүшелерін алғыс хатпен марапаттап, студенттер арасында 3 орынды Бердигалиев Серік, 2 орынды Шегенбаева Асылжан, 1 орынды Жұмабай Аружан иеленді. Және 1 орын жеңімпазына Шырақбаев А. ағай өз атынан кітап сыйлады.