COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Білім беру саласындағы заманауи үрдістер. Инклюзивті оқыту әдістері

Білім беру саласындағы заманауи үрдістер. Инклюзивті оқыту әдістері

2023 жылғы 14-19 желтоқсан аралығында Түркия мемлекеті Стамбул қаласында өткен «Білім беру саласындағы заманауи үрдістер. Инклюзивті оқыту әдістері» атты халықаралық біліктілікті арттыру курсына «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева Адеми Еркебаевна және «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Елубаева Рахат Сайлаубековна барып, біліктілігін арттырды.

Мұнда Түркия мемлекетінің инклюзивті білім беру жүйесіне байланысты дәрістер оқылып, шетелдік әріптес оқытушылар өз іс-тәжірбиесімен бөлісіп, тренингтер жүргізді. Бұл халықаралық біліктілікті арттыру курсына Қазақстанның түрлі аймақтарынан педагогтер қатысты. Курсты Қазақстандағы «Алтын ғасыр» оқу орталығы және Туркияның Халық университеті бірлесе отырып, ұйымдастырып өткізді. Курс соңында 72 сағаттық халықаралық біліктілікті арттыру курсының сертификаты табысталды.