COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Бүгінгі күнге институт бойынша білім беру бағдарламасының мамандануына қарай 55 студенттер қосылып, 20 курс таңдалынған

Бүгінгі күнге институт бойынша білім беру бағдарламасының мамандануына қарай 55 студенттер қосылып, 20 курс таңдалынған

ҚР Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, үстіміздегі оқу жылы институтымызда оқу процесінде Жалпы ашық онлайн курсты (ЖАОК) интеграциялау мақсатында COURSERA платформасы қосымшасы орнатылған болатын. Жалпы ашық онлайн курсты (ЖАОК) тың оқу процесіне кірігуі және оқыту нәтижелерін тану бойынша институт бойынша бастапқыда 50 лицензия алынды.
Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелері бойынша қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы No 248 қаулысы, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы No 544 бұйрығы негізінде Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тануды талапқа сәйкес ұйымдастыру мақсатында институтта ректордың бұйрығымен комиссия құрамы және Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тануды талапқа сәйкес жүргізу мақсатында эксперттік комиссия құрамы бекітілді. Комиссия төрағасы т.ғ.к, Жәлел Шымыр және әр факультеттің декан орынбасарлары құрамынан тұратын болса, эксперттік комиссия құрамы әрбір кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламаларының бағыты бойынша екі оқытушыдан бекітілді.
Бүгінгі күнге институт бойынша білім беру бағдарламасының мамандануына қарай 55 студенттер қосылып, 20 курс таңдалынған.