ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024
Модуль I. Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар
Бүгін, 04.01.2023 ж күні «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ғ.Б.Ерманова Қысқы мектептің екінші шеберлік сабағын «Оқытушылық қызметтегі ақпараттық технологиялар» яғни I-ші Модуль бойынша жалғастырды. Ғ.Б.Ерманова «Кәсіби мамандарға арналған АКТ: болашақтың технологиялары мен дағдылары» тақырыбы аясында келесі сұрақтар бойынша қысқаша түсінік берді:
-цифрлық дәуірде педагогтердің мүмкіндіктерін кеңейту;
-қазіргі білім беру ландшафтындағы педагогтер үшін ақпараттық технология құзыреттілігінің маңыздылығы.
Әрмен қарай, Ғ.Б.Ерманова білім берудегі цифрлық трансформация оның ішінде онлайн курстар туралы жалпы ақпарат берді.Сонымен қатар, білім берудегі цифрлық трансформацияның негізгі аспектілері мен салдарын түсіндіріп өтіп, оқытушыларға арналған 10 көмекші сервистермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсетіп өтті:
1. Quizlet-онлайн платформаның көмегімен мұғалім өзінің оқу модульдерін/флэш-карталарын есте сақтау үшін терминдермен/сөздермен/күндермен жасай алады https://quizlet.com/ru;
2. Kahoot-викториналар/тесттер жасауға арналған онлайн қызмет https://kahoot.com/
3. Triventy–сұрақтар мен ойындар жасауға арналған платформа https://www.triventy.com/;
4. Socrative-тестілеуді құруға, іздеуге және өткізуге арналған құрал https://www.socrative.com/;
5. Flippity-оқыту үшін әртүрлі интерактивті жаттығулар жасауға болатын қызмет https://www.flippity.net/;
6. Let ' s test-әртүрлі сынақтарды жасауға арналған платформа https://letstest.ru/;
7. Сlasstime - интерактивті оқу қолданбаларын жасауға арналған платформа https://www.classtime.com/ru/;
8. Plickers-сауалнама ойлап табыңыз, телефонға қолданбаны жүктеп алыңыз және жауап беру үшін пайдаланылатын оқушыларға арналған арнайы QR кодтарының жинағын басып шығарыңыз https://get.plickers.com/;
9. LearningApps-білім алушылардың өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар жасауға арналған қосымша https://learningapps.org/;
10. Padlet-сабақ тақырыбы бойынша цифрлық материалдарды жасауға, жинауға және сақтауға арналған орыс тіліндегі тегін қызмет https://ru.padlet.com/.
Ғ.Б.Ерманова шеберлік сыныбын қорытындылай келе, ақпараттық технологияны оқыту тәжірибесіне тиімді енгізу үшін оқытушыларға үздіксіз кәсіби даму қажеттілігін оның ішінде сандық құралдарды, оқу дизайнын және онлайн педагогиканы оқытуға басымдық беру қажеттілігін айтып өтті. Тақырып бойынша оқытушылар модераторға көкейкесті сұрақтарын қойды, өз тәжірбиелерімен бөлісті.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева