COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП | МОДУЛЬ 4

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП | МОДУЛЬ 4

«Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының оқытушысы, магистр, Қ.Әбдіғаппаров «Заманауи цифрлық құзыреттіліктер» яғни Модуль 4 бойынша төмендегі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын жүргізді:

1.Нейрондық желіні тиімді пайдалану әдістері;

2.Графикалық дизайн;

3.Видео өңдеу, жазу әдістері (CapCut + Adobe).

Қ.Әбдіғаппаров оқытушыларға келесі қосымшалар арқылы Adobe Premiere Pro 2024, ChatGPT, Canva, CapCut мобильді телефонда және компьютерде жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, оқу үдерісіне қажетті ақылы қосымшаларды тегін пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Сонымен қатар, бейне-сабақтар түсіру немесе презентациялар даярлау барысында мобильді телефонның камерасын дұрыс пайдалануды және түрлі камералармен жұмыс жасаудың оңтайлы жақтарын толық түсіндіріп берді.

Оқытушыларға пәнге қатысты материалдарын қосымша веб-камера арқылы видео жазуды OBS Studio программасында көрсетті, бірлесе отыра тәжірбиелік жұмыстар жасады. Әрмен қарай, графикалық дизайн, видео монтаж, видео кодировка жасауға арналған программалармен толық таныстырып, өтіп әр оқытушымен жеке тәжірбиелік жұмыстар жүргізді.

Қорытындылай келе, 4-ші Модуль «Заманауи цифрлық құзыреттіліктер» тақырыбы аясында креативті шеберлік сабақтары үшін, болашағынан үлкен үміт күтетін оқытушымыз Қыдырбек Әбдіғаппарұлына зор алғысымызды білдіре отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!