COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Педагогикалық практика

Педагогикалық практика

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы №119-с 19.12.2023 ж., бұйрықтары және 2023-2024 оқу жылының оқу жоспары мен оқу үрдісінің кестесіне сәйкес15.01.2024ж. күндізгі  бөлім 2-курс Қт-22-1 топ студенттері психологиялық-педагогикалық практикасынан, 3-курс Қт-21-1 топ студенттері оқу-тәрбие педагогикалық практикасы, педагогикалық практикасынан, 4-курс Қт-20-1 топ студенттері педагогикалық (өндірістік) практикасынан Тараз қаласы №25 орта мектебі, Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебі, Жамбыл ауданы, Әкім Тарази атындағы тірек мектептеріне келісім-шарт негізінде жіберіліп, практикадан өтуде.

26.12.2023ж. күні практиканың ұйымдастыру конференциясы өттіп, студенттерге практиканың мақсат-міндеттері және бағдарламасы таныстырылды. Ұйымдастыру конференциясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Р.А.Беркенова ашып, жастардың сапалы маман иесі болып шығуына, студенттер теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауына және олар іс-тәжірибе барысында озат мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны және әдістерді практика барысында үйрену керектігін түсіндіріп өтті. Жетекшілік ететін оқытушылар  студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықтарды берді.Практика барысында студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен практика арасындағы байланысты орнатуды, адамның өмірлік іс-әрекетінде әртүрлі жағдайдағы психологиялық, педагогикалық білімді бақылау мен талдауға ұсыныстар беру, педагогикалық ой-өрісін кеңейту, практика бағдарламасының барысымен таныстыру мақсатында өткізілді. Педагогикалық практикасынан өту барысында студенттер болашақ педагогикалық іс-әрекетте педагогикалық рефлексия мен педагогикалық процесті сыни тұрғыдан түсінудің қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар практика студенттерге педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын игеруге және педагогикалық шеберлік негіздерін игеруге мүмкіндік береді.