COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері

Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері

Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

«Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасында жұмыс берушілермен «Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің директоры С.К. Есеев, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің директоры Ж.Б.Онгарбаева, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ш.К.Меркибаева қатысты.

Дөңгелек үстел барысында 7М01505 – "Информатика және цифрлық технологиялар" білімі беру бағдарламасы бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері, білім сапасын көтеру және мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды.

Жұмыс берушілер кафедраның материалдық базасымен танысып, серіктестіктің түрлі бағытында жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі туралы атап өтті: колледж және мектеп базасында магистрлік білім беру бағдарламасы бойынша кафедра филиалын ашу, бірлескен ғылыми жобаларды орындау, институттың ІТ Академиясы және Дрон Академия базасында білім алушылармен ғылыми-зерттеу, үйірме жұмыстарын жүргізу.