COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «ҮКІЛІ АРУ» БАЙҚАУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«ҮКІЛІ АРУ» БАЙҚАУЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 14-15 наурыз күндері Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үкілі ару-2024» байқауы өтеді. Жыл сайынғы сұлулық сайысы биыл 9-шы рет өткізілгелі отыр.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің бойында қазақ қызына тән мінез-құлықты, нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты үялатып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, дарынды жастарға қолдау көрсету .

Дәстүрлі байқауға биыл қала мен аудандардан 14 қыз бақ сынауда. Сайыс 2 күнге жалғасады. Кеше байқаудың алғашқы кезеңі өтіп, аруларымыз «Қазақ дастарханы» аспаздық сайысында өз өнерлерін көрсетті. Ереже бойынша, қыздар белгіленген уақытта қамыр илеп, оны жаю керек болған. Аталған тапсырманы барлық арулар өз деңгейінде орындап шықты. Әділ-қазілар алқасы, әр қатысушының жайған қамырына баға беріп, тиісті ұпайларын берді.

Енді, бүгін, яғни 15.03.24 күні, сағат 14.00-де қалалық мәдениет үйінде байқаудың екінші кезеңі өтеді. Онда, 14 қатысушы қызымыз «Мен қазақтың қызымын...»(сәлемдесу рәсімі – үміткердің өзін таныстыруы), «Қыз – еркем, өнерімен көркем»( өнер сайысы – тек қазақ өнеріне қатысты: ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би билеу, қол өнері, монолог оқу және т.б),  «Қыз сұлу көрінеді білімімен...» (танымдық сайысы – қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына,әдебиеті мен тарихына байланысты және ситуациялық сұрақтарға жауап беру), «Білектей арқасында өрген бұрым...» (шаш өру сайысы), кезеңдері бойынша сайысқа түседі. Байқау қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.