44 мектеп командасы Шерхан кубогында бақ сынасты
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орай волейболдан 2008-2010 жылы туылған оқушылар арасында облыстық турнир өтті. Екі күнге созылған турнирге облыс мектептерінен 44 команда қатысты. Жарыс 3×3 mіх форматында өтті.
Бағы мен бабы қатар шауып жеңіс тұғырынан көрінген командалар:
І-орын: «ВК Тараз» командасы
ІІ-орын: «Т.Рысқұлов ауданы» командасы
ІІІ-орын: «Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясы» командасы
Облыстық турнирде «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған:
1. Бауыржан Ерасыл
2. Сейілбек Аян
3. Айдынбек Ерзат
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды.
«Үздік ойыншы» атанған спортшылар демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Шерхан институты "Спорттық-бұқаралық жұмыстар" орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін турнирдің келесі буын арасындағы ойындары 6-7 сәуір күндері өтеді деп жоспарлануда.