«Педагогикалық» практикадан келу конференциясы өткізілді
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті 02.04.2024 жылы «Жалпы педагогика» кафедрасына қарасты 6В01101 - «Педагогика және психология», 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттерімен «Педагогикалық» практикадан келу конференциясы өткізілді.
Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген №23, №44, №47, №53, №12 мектептеріне, ТОО «Galam highschool» оқу орталығы, №2 қалалық емхана, Жамбыл индустриалдық-технологиялық колледжіне, №9, 18, 28 бөбекжай балабақшаларына барып тәжірибеден өтті. Студенттер жинақталған тәжірибелерді талдап, сабақ жоспарлары мен тәрбие сағаттарының жоспарларын, жалпы дайындаған практика есептерін өткізді.
Келу конференциясына Оқу-әдістемелік бөлімінің маманы Сексенбаева Ж.М., Мансаптық өсу секторының жетекшісі Дартаева Н.К., Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шымырбай Н.Ә., Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің психологы Нұржігіт Э., №9 бөбекжай балабақшасының әдіскері Аталыкова Р.М. келді. «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева А.Е., «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушы: Фатикова Н.А., оқытушылар: Пірәлі Ф.Е., Сманова У.К., Рзатай А.Қ. қатысты.