COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті

Халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті

 

«Гуманитарлық ғылымдар академигі Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың  90 жылдығына арналған «Академик Аманжолов Алтай Сәрсенұлының ғылыми мұрасы және қазіргі заман» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел  белгілі түркітанушы ғалым, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжолов Алтай Сәрсенұлының 90 жылдық мерейтойына арналды. 

Шәкірт бақыты – ұстаздың ұлықтығында дейді халық даналығы. Тылсым сырларға толы түркітануды жалықпай зерттеп, ұлтымыздың тарихы мен әдебиетінің, мәдениетінің бастауының тым тереңде жатқандығын паш еткен Алтай ағаның  шәкірттері бүгінде тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты қызметтер жасауда. Осы орайда, дөңгелек үстел Алтай Аманжолов секілді ұлы ұстаздың, көрнекті ғалымның ғылымдағы дара бейнесін, адамдық болмысын саралап, үлгі-өнеге етуге арналды.  Жиынға арнайы Алтай ағаның шәкірттері, шетелден шақырылған қонақтар мен белгілі түркітанушы ғалымдар  қатысты.

Алғашқы кіріспе сөзді Алтай ағаның шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы-ғалым Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы-ғалым Саурықов Ерболат Байұзақұлы алды.

 

 

«Шәкірт бақыты – ұстаздың ұлықтығында дейді халық даналығы. Мен өз ұстазыммен мақтанамын. Жұмбағы көп түркітану ғылымының қыр-сырын меңгеруде жалықпай ақыл-кеңесін беріп, тұлғалық болмысымен де жүрегіммен ыстық орын алған Алтай ағаның мен үшін орны бөлек, тым дара.

А.С. Аманжолов – шын мәнінде ұлы даланың ұлы перзенті. Өз халқының тілі мен мәдениетін зерттеуге бар өмірін арнаған А.С.Аманжоловтың ғалым ретінде де, жалпы тұлға ретінде де тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз» дей келіп, түркітану ғылымының жаңа Қазақстан үшін берері мол екендігін атап айтты, қатысушыларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Бұдан басқа да қатысушылар мен қонақтар Алтай Аманжолов секілді көрнекті ғалым, түркітанушы, этнограф, профессордың ғылымдағы дара үлесі мен мәдениетімізге сіңірген сүбелі қызметін жан-жақты саралап, сөз етті.

Өз тарихын терең ұғынып, шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде ұлттың ұлттығын сақтап қалатын дүниелер – ұлттың  төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Осындай жұмбақ сырлары ұшан-теңіз түркі филологиясының, көне жазба мәдениетімізді жан-жақты зерттеуге бүкіл өмірін арнаған Аманжолов Алтай Сәрсенұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстелдің ғылыми маңызы зор болғаны даусыз.