COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Заң» факультетінің түлектеріне диплом табыстау салтанатты кеші өтті.

Биыл аталған факультеттен 151 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Солардың ішінде 2 түлегіміз үздік дипломға ие болды. Салтанатты кеште оқу орнымыздың президенті Нұржан Муслимов бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады.

 

 

Институт қабырғасында үздік оқу мен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін 2 түлекте институт атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Үлкен өмірге жолдама алып отырған жастардың жанарынан өз мамандығына деген кәсіби көзқарас, ұшқын байқалады. Енді олар өз жүрек қалауымен таңдаған мамандықтары бойынша еліміздің ауыл-аймақ, ірі қалаларында еңбек жолын бастайды.

 

 

Шараға арнайы шақырылған қонақтар да қатысып, диплом алғалы тұрған болашақ жас мамандарды құттықтап, өмірде лайықты орындарын табуына тілектестік білдірді. Атап айтсақ, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов пен Тараз қаласы ПБ Жедел-криминалистикалық бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Мадияр Қонысбаев түлектерге ақжол тілеп, бірқатар түлекке дипломдарын табыстады.

Салтанатты бөлім бітірушінің арнайы бас киімін лақтырумен және профессор-оқытушылар құрамы мен бірге суретке түсумен аяқталды.