COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Шерхан институтының студенті шағын гранттар байқауында тағыда жеңімпаз атанды

Шерхан институтының студенті шағын гранттар байқауында тағыда жеңімпаз атанды

 

Қазақстанда Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін шағын гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды. Мемлекет тарапынан байқау аясында жалпы 72 миллион теңге сомасында 240 шағын грант бөлінді, олардың әрқайсысы 300 мың теңгені құрайды.

Жеңімпаздардың бірі, Азамат Нәмелбек. Ол, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асатын «Birgemiz» жобасы – еліміздегі еріктілер қозғалысын қолдауға бағытталған бірегей бастама. Жоба үш жыл ішінде жергілікті өңірлерде көптеген маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға үлес қосып, тиімділігін дәлелдеп келеді.

Биыл Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емес ұйым байқауға қатысушылардан мыңнан астам өтінім қабылдады. Birgemiz жобасы волонтерлер қозғалысын дамытуға және Қазақстандағы азаматтық қоғамды нығайтуға ықпал ете отырып, азаматтарды жергілікті мәселелерді шешуге тартады. 

Айта кетейік, Азамат Нәмелбек бұған дейін де әлеуметтік жобалар байқауында да үздік атанған. Ол «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 3 млн теңгеге дейін (жобаның қажеттілігіне қарай) грант иеленген.