COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Маңызды құжатқа «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Білім және білім тарату басқармасының бас менеджері Бақыт Насырханова мен ХТИИ президенті Нұржан Муслимов қол қойды.

Меморандумның мақсаты - республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін ортақ тәжірибе мен мүмкіндіктерді біріктіру. Бұл құжат Тараптар арасында тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру негізін қалайды.  

Айта кетейік, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-бұл Қазақстанның  аграрлық  саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің  мемлекет және бизнес пен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы болып есептеледі.