Әрбір азамат әділетті қоғамды құруға мүдделі
Жаңа оқу жылының басталуымен қатар келетін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан Халқына Жолдауды мұқият тыңдадым. “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауы еліміздің Стратегиялық жоспарын жан жақты талқылауға арналды. Жолдауда барлық салалар қамтылды. Білім саласына қатысты, еліміздің экономикасының дамуына ат салысатын білікті мамандармен, әсіресе сала мамандармен қамтамасыз ету тапсырмасы берілді. Расында, еліміздің тұрақты дамуы үшін ауыл шаруашылықты, су шаруашылығын, жеңіл және ауыр өнеркәсіпті дұрыс жолға қою керек.
Ол үшін жоғары оқу орындары болашаққа қажетті мамандарды дайындайтын білім беру бағдарламаларын нарық сұранысына байланысты жаңартып отыру қажет. Президент кадр әлеуетін өсіру мәселесіне ерекше тоқталды. Ол үшін ең алдымен жұмысшы мамандықтарына құрметтен бастауды ұсынып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Әрбір маман өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қараса, сонда Президент айтқан «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты орындалады. Осы қағидатты өміршен ету үшін әрбір азамат өз үлесін қосу арқылы Әділетті қоғамды құруға мүдделі.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық
Тараз инновациялық институтының
комплаенс-офицері
О.Жолдасова