COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / «Экономика дамыған сайын энергияға да қажеттілік артады» - декан

«Экономика дамыған сайын энергияға да қажеттілік артады» - декан

ХТИИ-дың «Жаратылыстану» факультетінің деканы Мұрат Нұрғабылов халықты 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, “Жаратылыстану” факультетінің деканы Мұрат Нұрғабылов энергияға тапшылықты жоюдің ең негізгі жолы - атом электр станциясы салу екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мұрат Нұрғабылов айтуынша, қазіргі таңда дүниежүзінде 400-ден аса атом электр станциясы жұмыс істеп тұр.

«Ал атом электр станциясы мәселені шешудің ең тиімді жолы. Әлемнің 31 елі пайдаланып отырған ядролық энергетиканың тиімділігі көп. Кейбір ақпарат көздеріне сенсек, қазіргі таңда дүниежүзінде 400-ден аса атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда,  АҚШ, Франция, Қытай, Жапония мен Ресей және Оңтүстік Корея атом энергетикасын ең көп пайдаланатын елдер қатарында. Францияның өзінде 23 АЭС бар. Бұл ел әлемдегі ең ірі электр энергиясын экспорттаушы. Жылдан-жылға энергия тапшылығы сезіліп отырған Қазақстанда да атом электр станциясы салу уақыт талабы. Бұйырса, халқымыз осы мәселені дұрыс түсініп, 6 қазанда өтетін референдумға қатысады деп ойлаймын»,-деді декан.  

Сонымен қатар Мұрат Нұрғабылов Президенттің биылғы Жолдауында басқа да өзекті  мәселелер қамтылғанын атап өтті.

"Жолдауда қамтылған өзекті мәселелердің қатарында: ақша-несие саясаты, инвестициялық ахуал және бизнес, кадрлық әлеует, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуал т.б. Бұйырса, Жолдаудағы тапсырмалар аясында халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынады деп ойлаймын. Өзім білім саласында жұмыс істеген соң бұл бағыт бойынша айтылған әр жаңалыққа ерекше қуанамын. Президент Жолдауында білікті мамандар даярлаудың  өзектілігі айтылды. Осы бағытта біздің Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында нақты  жұмыстар атқарылуда. Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жаңа білім беру  бағдарламалары жасақталып,  жүзеге асырылуда",-деді ол.

 

Дереккөз:Jambylinfo.kz