COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Атом энергетикасы қоршаған ортаны ластамайды – ЕҰУ оқытушысы

Атом энергетикасы қоршаған ортаны ластамайды – ЕҰУ оқытушысы

 

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні 06 қазанда өтетін Республикалық референдумды халыққа насихаттау мақсатында Шерхан институтында кездесу өтті. Шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті “Ядролық физика және жаңа технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ядролық физика институтының Астаналық филиалының бас маманы, физика ғылымдарының PhD докторы Нұрлан Амангелді қатысты. АЭС салу экономикалық тұрғыда тиімді, энергетикалық тәуелсіздікке бастайтын жоба болғанымен, бұқараның көкейінде сансыз сауал бар екені анық. Осы орайда елордалық қонақ жиынға қатысушыларға АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп, елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

 

 

– Атом электр стансалары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. АЭС қалдықтарының көлемі басқа өнеркәсіп қалдықтарымен және одан да жоғары жылу электр стансаларының қалдықтарымен салыстырғанда аз. АЭС пайдалану кезінде әрбір 1 ГВт орнатылған қуаттылыққа немесе 60 жыл жұмыс істегенде 3 600 тоннаға жылына шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдық түзіледі. Әлемнің түрлі еліндегі атом электр стансаларын пайдаланудың көп жылғы тәжірибесі олардың адамдарға және табиғатқа зиянын тигізбейтінін растады, – деді Нұрлан Амангелді.

Кездесуге келгендер де белсенділік танытып, АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сұрақтарды қойды.