COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Республикалық халықтық штаб мүшелері Шерхан институтының ұжымымен кездесті

Республикалық халықтық штаб мүшелері Шерхан институтының ұжымымен кездесті

 

Өңірлерде АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында атом электр станцияларын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері, атап айтсақ ҚР Мәжілісінің депутаттары Ерболат Саурықов пен Мұқаш Ескендіров және Айтуар Қошмамбетов Шерхан институтының ұжымымен және студенттерімен кездесті.
 
Жиынға оқу орнымыздың басшылық құрамы, профессор оқытушылар мен қызметкерлері және студенттер қатысты. Шара барысында аймақтың болашағы үшін қауіпсіз әрі таза технологиялардың маңызы сөз болды.
 
«Атом электр станциясы елмізді ұзақ мерзімді, тұрақты, қауіпсіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе,өндіріс орындары, ауруханалар мен кәсіпорындардың, ондағы жабдықтардың жүйелі жұмыс істеуі үшін маңызды», - деді мәжілісмен М.Ескендіров.
 
Ал, депутат Айтуар Қошмамбетов көптің көңіліне күдік туғызып жүрген атом электр станциясының қауіпсіздігіне тоқталды:
 
«Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе екені жасырын емес. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды. Сондықтан біздің елімізде де атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі бойынша ғалымдар көп жұмыс істеп жатыр»-, деді Айтуар Қошмамбетов.

 

 

Сондай-ақ, Шерхан институтының 3 курс студенті және студенттік ректоры Аққанат Болат пен “Sherkhan volunteers “ еріктілер қозғалысының төрайымы Гауһар Сайлаухан Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуды қолдайтындарын мәлімдеді. Институт жастары бұл бастаманы елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызды қадам ретінде бағалайды.
 
Студенттер атом энергиясының тиімділігі мен болашақтағы артықшылықтары туралы ғылыми деректерге сүйене отырып, Қазақстанның энергетикалық ресурстарын әртараптандыру қажеттілігін атап өтті. Қазіргі таңда көмір мен мұнайға тәуелділік экологиялық проблемалар туындатып, ауа сапасын нашарлатып келеді. Осыған орай, атом энергетикасы таза және ұзақ мерзімді шешім бола алады деп есептейді.
 
Кездесуді қорытындылаған штаб мүшелері қызметкерлерді 6 қазан күні референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

 

ХТИИ «Баспасөз қызметі»