«Біз таланттыларды іздейміз!» атты өнерпаз студенттер байқауының жеңімпаздары анықталды
2024 жылғы 1 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасы, Жастар ісі жөніндегі комитеті және Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне арналған «Біз таланттыларды іздейміз!» атты өнер байқауы өтті.
Бұл байқаудың мақсаты – институт студенттері арасынан өнерлі, дарынды жастарды анықтау және оларды институттың түрлі шығармашылық үйірмелеріне тарту. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау.
Байқау 10 түрлі номинациядан тұрды: ән айту, хореография, көркем сөз оқу, ақындық өнер, театрландырылған көрініс немесе әзіл-сықақ көрсету, аспапта ойнау, жүргізуші-конферансье, сән театры, жайдарманшылар қойылымы және мобилография. Әр номинацияда өз өнерін көрсеткен студенттер әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жүлделі орындарға ие болды.
Жүргізуші-конферансье номинациясы бойынша:
1 орын Нұрали Тұрсұнқұл
2 орын Айнұр Нұрбек және Нұрай Ерғара
3 орын Наргиза Әбдіманат және Ерген Шертай
Ән айту номинациясы бойынша:
1 орын «Талант» дуэті
2 орын Еркежан Әкімбай
3 орын «Әдемі-ай» триосы
Хореография номинациясы бойынша:
1 орын «Сары қыз биі»
2 орын «Қазақ биі»
3 орын «Шығыс биі»
Көркем сөз оқу номинациясы бойынша:
1 орын Зере Тапай
2 орын Айнұр Нұрбек
3 орын Қазыбек Мыңатай
Театрландырылған көрініс немесе әзіл-ысқақ көрсету қойылымы бойынша:
1 орын Жетім қыздың монологы
2 орын «Ауылдан келген ару» үзіндісі
3 орын «Әке» көрінісі
Жайдарманшылар қойылымы бойынша:
1 орын «OSI» командасы
2 орын «Жас Пед» командасы
3 орын «Достық» командасы
Сән театры номинациясы бойынша:
1 орын Аделя Терекбаева
2 орын Дархан Берікбай
3 орын Айдана Мейрхан
Аспапта ойнау номинациясы бойынша:
Дипломмен марапатталған: Әдемай Досмұханбетқызы
Мобилография номинациясы бойынша:
Дипломмен марапатталған: Дінмұхаммед Дауренбек, Дамира Наметқұл
Бұл байқау институт студенттерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп, жаңа таланттарды анықтауда маңызды рөл атқарды. Өнерлі жастарды одан әрі қолдау мақсатында олар институттың әртүрлі үйірмелеріне тартылып, шығармашылықтарын дамытуды жалғастырады.