COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ХТИИ студенттерінің үлкен жетістігі: республикалық олимпиадада 3-орын!

ХТИИ студенттерінің үлкен жетістігі: республикалық олимпиадада 3-орын!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгерлері тағы да үлкен жетістікке қол жеткізді! Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен XVI Республикалық пәндік олимпиадада «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы Назипа Ағламовнаның жетекшілігімен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша қатысқан команда 3-ші орынға ие болды! 

Олимпиадада еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер қатысып, өздерінің білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Біздің білімгерлер командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз білімдері мен дайындықтарын дәлелдеді. Әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, білімін тексеруге деген құлшыныс пен еңбектің нәтижесінде жүлделі орынға ие болды. 

Бұл жеңіс – команданың қажырлы еңбегінің, білімге деген құштарлығының және ұстаздарының бағыт-бағдарына адал еңбектің нәтижесі. Оқу орнымыздың беделін арттырып, білім беру саласында үлкен жетістікке жеткен студенттерімізді мақтан тұтамыз. Команданың осындай деңгейдегі сайыста жеңіске жетуі – білім беру жүйесінің дұрыс бағытта дамып жатқандығының дәлелі. 

Бұл жеңіс тек қана студенттер мен олардың жетекшісі Назипа Ағламовнаның ғана емес, бүкіл институт ұжымының жетістігі. Алдағы уақытта да команда мүшелеріне тек сәттілік пен толағай табыстар тілейміз! Сіздерге білім жолында жаңа белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруге тілектеспіз! 

ХТИИ Баспасөз қызметі