COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / "Отаным - бақыт ордасы" атты салтанатты жиын өтті

"Отаным - бақыт ордасы" атты салтанатты жиын өтті

 

25 қазан күні Республика күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында “Отаным - бақыт ордасы” атты салтанатты жиын өтті. Бұл іс-шара ұлттық мереке аясында өткізіліп, студенттер мен оқытушылардың патриоттық рухын көтеруге және еліміздің тәуелсіздігін дәріптеуге бағытталды.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзін институт президенті Муслимов Нұржан Жомартұлы алып, жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде институттың жетістіктері мен даму жолында тәуелсіз Қазақстанның рөлін ерекше атап, еліміздің жарқын болашағына сенім білдірді.

 

 

Сондай-ақ, Республика күніне арналған құттықтау және баяндамамен институт ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы сөз алды. Өз баяндамасында ректор еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі қол жеткізген табыстары мен жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласында атқарып жатқан жұмыстары мен болашақ жоспарларына тоқталды. Сонымен қатар, ректор еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген барлық ұстаздар мен қызметкерлерді құттықтап, оларға ризашылығын білдірді.

 

 

Мереке аясында институттың бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері кәсіби жетістіктері үшін марапатталды. Сондай-ақ, республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған студенттер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл студенттердің жетістіктері оқу орнымыздың білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін тағы да дәлелдеді.

 

 

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Әсіресе институттың оқытушылары мен қызметкерлерінің орындауындағы әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кештің шарықтау шегі ретінде Ескендір Хасанғалиевтің әйгілі патриоттық “Атамекен” әні орындалып, жиын рухани әрі көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.