Көші-қон қызметі бойынша кездесу өтті
2024 жылғы 29 қазан күні Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен шетелдік студенттерге арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Құдайбергенов Арман Ерғалиұлы, Жамбыл облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Мырзай Нұрлан Кәдірбайұлы қатысып, шетел азаматтарына көші-қон қызметі мен талаптары, студент алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді және де олардың институт қабырғасында білім алу кезеңіндегі білім беру жүйесі мен көрсетілетін қызметтер бойынша ой-пікірлері тыңдалды.
Іс-шараға қатысқан шетел студенттері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Пәкістан елдерінің азаматтары.