COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / “МЕКТЕП-ЖОО” жобасы: Жасанды интеллект пен білім беру

“МЕКТЕП-ЖОО” жобасы: Жасанды интеллект пен білім беру

 

2024 жылғы 31 қазанда “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” кафедрасының меңгерушісі Онгарбаева М., сеньор-лекторлар Ерманова Г. және Әбдіғаппар Қ. Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда “Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект” тақырыбында педагогикалық кеңеске қатысып, жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша коучинг өткізді.

Коучинг барысында жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттары қарастырылды. Оқытуды жекелендіру, бағалау және кері байланыс, мұғалімдерді қолдау, интерактивті және иммерсивті оқыту, сондай-ақ әкімшілік процестерді автоматтандыру бойынша жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тәсілдері талқыланды.

 

 

Сонымен қатар, коучинг барысында институттың ІТ кластерін дамыту жұмыстары бойынша ақпарат берілді. Кәсіби бағдар жұмыстарының бағыттары айқындалып, мектеп бітірушілерін кафедра жанындағы ІТ Академияның «ҰБТ-ға дайындық (Информатика пәнінен)» курсына қатыстыру, сондай-ақ институт серіктестері Huawei ІСТ Академиясы мен Cisco желілік Академиясының курстарында заманауи білім алу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Мектеп пен институт арасындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жалғасуы білім беру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Жасанды интеллекттің енгізілуі білім алушылардың оқу процесін жетілдіріп, болашақ мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашады.