COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / 17 қараша – Студенттер күніне орай боулингтен турнир өткізілді

17 қараша – Студенттер күніне орай боулингтен турнир өткізілді

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері арасында боулингтен турнир өтті. Шараны “Спорттық бұқаралық жұмыстар орталығы” ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды салауатты өмір салтына баулу, сонымен қатар, студенттер арасында достық пен бірлікті нығайту.

Турнирге әр түрлі мамандықтар мен факультеттерден құралған 10 команда қатысты. Жарыс барысында командалар өзара сайысып, жігер мен төзімділікті танытты. Ойындар тартысты өтіп, көрермендер де командаларды қызу қолдап отырды.

 

 

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жеңіп алған командалар:

• 1 орын – «Жігер» командасы

• 2 орын – «Барыс» командасы

• 3 орын – «Қыран» командасы

 

 

Барлық жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар студенттерге үлкен шабыт беріп, алдағы уақытта спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандырды. Айта кетейік, аталған шара оқу орнымызда өтіп жатқан «Sherkhan student’s week» апталығы аясында өтті.

Осындай шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, спорттық және мәдени шараларға белсенді араласуға шақырады. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алдағы уақытта да студенттер арасында мәні мен маңызы мол шараларды ұйымдастыра бермек.