Меморандум аясындағы кездесу
Тараз инновациялық көпсалалы колледжі базасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыруға арналған маңызды кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – білім беру және студенттердің кәсіби дамуы саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларын талқылау.
Іс-шараға колледж әкімшілігінің өкілдері, оның ішінде директор Мырзабекова Л.Т., оқу және тәжірибе жұмыстары жөніндегі директор орынбасарлары, сондай-ақ оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Ал Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ы тарапынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қадырова А.С., САБ басшысы Әкімова Д.К., «Педагогика» факультетінің деканы Нұрбеков Т.Б., сондай-ақ кафедра меңгерушілері: «Шет тілдері» кафедрасынан Рысалдиев Ж.М., «Жалпы педагогика» кафедрасынан Елубаева Р.С., «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасынан Оңғарбаева М.Б. қатысты.
Кездесу барысында колледж қызметкерлері тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға қызығушылықтарын білдірді. Талқыланған негізгі тақырыптар – жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік саладағы ынтымақтастық және студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері болды.
Колледж директоры Мырзабекова Л.Т. Шерхан институтымен серіктестіктің білім сапасын арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауда маңызды қадам болатынын атап өтті. Жиын қатысушылары бұл ынтымақтастық инновациялық әдістерді енгізуге және екі тарап үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал ететініне сенім білдірді.