COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жас маман - жаңа Қазақстанға салынған инвестиция

Жас маман - жаңа Қазақстанға салынған инвестиция

«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады». К.УШИНСКИЙ. «Адамның адамшылығыжақсы ұстаздан», - деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаздық ұлы қасиет. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. «Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру - ұстаз үшін үлкен бақыт. Өз шәкірттерімді баули жүріп, кез - келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырғым, оларға сенім білдіргім келеді. Сенім болмаса, адам баласы жетем деген биігіне жете алмайтыны анық. Біз бүгін осындай әріптестеріміздің бірі Карим Әлия Серікқызы туралы айтқымыз келеді. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Доланалы атындағы орта мектепті 2002 бітірген ол, осы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» университетінің «Қаржы» мамандығына оқуға түсіп, 2006 жылы «тарих, құқық және экономика пәндерінің оқытушысы» біліктілігін алып шығады. 2007 жылы университетті бітірген соң, білімге деген құштарлығы оны Алматы қаласы, Қазақ Қатынас жолдары университетінің «Экономика» мамандығының магистратурасына түсуге себеп болады. Алматы Технологиялық университетінің Технология Экономикалық колледжінде оқытушы қызметінде жүрген Әлия, отбасы жағдайына байланысты Тараз қаласына қоныс аударып, 2012 жылдың қыркүйек айында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне оқытушы болып орналасады. Ұстаздық - бұл өмірдегі ең адал, ең жауапты, ең күрделі, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. «Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жаксылық - ұстаздан» - деген даналы сөз бар. Қай кезде де болмасын ұстаздың мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр болатыны рас. Бүгінгі таңда жаңа заманауи ұстаз, яғни білім беру мен тәрбиені ұштастыра білетін, үнемі ізденісте болатын, өзгермелі заманнан қалмай жаңа технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір маман болуы керек. Осындай талаптардан қаймықпай, алдағы уақытта бар білімі мен біліктілігін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауға бел буған Әлия Серікқызы, бүгінгі таңда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында жемісті еңбек етіп келеді. Мамандықтар ішінде ең қасиеттісі, баға жетпес жаһұтыол ұстаз.Ұстаздық жол-ұлы қасиет. Әр жас ұрпаққа білім беріп,оларға өмірлік бағыт беріп, мына өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосатын олұстаз. Болашаққа басқан үлкен қадамы мен өмірлік тәжірибесін жоғарғы оқу орнынан бастаған Әлия: «Мен алдағы уақытта алдыма үлкен мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету жолында аянбай қызмет етемін деген үлкен сеніммен келдім. Жастар – ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Жастары белсенді әрі білімді елдің ертеңі жарқын болмақ. Қазіргі заманның жастары жай отындай лапылдап тұруы тиіс деп ойлаймын»- дейді.

Жас маман жұмыстағы міндеттерінен бөлек, оқу процесімен қоғамдық жұмыстарды жақсарту бойынша түрлі идеяларын ұсынуды жөн көреді. Әлия бүгінде кафедра профессор-оқытушы құрамы мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына жауапты. «Алдағы мақсатың туралы не айтасың?» деген сұраққа «ендігі алға қойған мақсатым - білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу» дегені, білімі мен біліктілігіне сенімді «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта барқалан» - деп, Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орнын тапқан жас маманның сенімді сөзі көңілге қуаныш ұялатады. «Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық - рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Өйткeні, білім - тeк ғылымның ірге тасығана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды. Жас мамандар болашақты  айқындай сыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті жемісті күннің кепілі»-дегіміз келеді жас әріптесімізге. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады десек, осы жолда шығармашылық ізденіс, мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істер атқаруға дайын тұрған Әлияға толағай табыс тілейміз.

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ, «Экономика және басқару» кафедрасының профессор ассисенті, экон. ғылым.канд. А.МАХАНОВА, сеньор-лектор.