COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Жұмыс берушілермен кездесу: Кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері

Жұмыс берушілермен кездесу: Кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері

 

2024 жылдың 26 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының (ХТИИ) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу өткізді. Кездесуде «6В01504 – Информатика (IP)» және «7М01505 – Информатика және цифрлық технологиялар» білім беру бағдарламалары талқыланып, кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелері көтерілді.

Іс-шараға Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.С. Қадырова қатысты. Өз сөзінде ол жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, дуалды оқытуды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың Soft skills қабілеттерін дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.

 

 

Кездесуге қатысқан жұмыс берушілер арасында А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары А.Е. Алипбаева, Н.Данаев атындағы орта мектеп директорының ақпараттық істер жөніндегі орынбасары А.А. Бұзауова, «125 EDUCATION» ЖШС директоры М.М. Сарыбаев, және «125 UBT school» ЖШС директоры Қ.Қ. Жұмабаев заманауи педагогқа қойылатын талаптар, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру жүйесінің қазіргі заманғы талаптарына сай болашақ мамандарды даярлаудағы маңызды қадамдарды атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, жоғары оқу орындары мен орта мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар мен педагогикалық практиканы өткізу мәселелері бойынша нақты шешімдер қабылданды. Болашақ педагогтарды даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдары айқындалды.