Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңі өтті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен “Хабар” агенттігінің бірлескен жобасы аясында Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңі Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өтті.
Бұл зияткерлік сайыс – оқушылардың білім деңгейін анықтауға, шығармашылық-ойлау қабілеттерін дамытуға және интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған маңызды іс-шара.
Сайысқа Жамбыл облысының барлық аудандары мен арнайы білім ордаларынан білімдерімен ерекшеленген 97 оқушы қатысты. Алғашқы турдан кейін оқушыларға институт туралы ақпарат беру мақсатында арнайы фильм көрсетіліп, оқу орнының мүмкіндіктері туралы жазбалар ұсынылды.
Сайыстың екінші турына ең жоғары нәтиже көрсеткен, ерекше шығармашылық-ойлау қабілетімен дараланған 10 оқушы өтті. Бұл кезеңде олар өз білімдерін тереңдетіп, көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша, 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Тағы 5 оқушы институт ректорының арнайы алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарымен және естелік кітаптарымен марапатталды.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты осындай маңызды білім шараларын өткізуге ұйытқы бола отырып, жастардың білімге деген ынтасын арттыруға және олардың болашақ көшбасшы ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
Интеллектуалдық сайыстар – жаңа белестерге бастайтын жол!