Халықаралық студенттер симпозиумы: Шерхан Мұртаза атындағы университеттің жарқын жетістігі
2024 жылғы 7-8 желтоқсанда Джизак мемлекеттік педагогикалық университетінде (Өзбекстан) 9-шы Халықаралық студенттер симпозиумы өтті. «Біз ғылыми және шығармашылық күш-жігерімізді пайдаланамыз» атты тақырыптағы бұл симпозиум әлемнің әртүрлі елдерінен 15 жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді.
Іс-шара халықаралық сипатқа ие болғандықтан, симпозиум аясындағы барлық баяндамалар ағылшын тілінде ұсынылды. Биылғы симпозиум рекорд орнатып, оған 350 студент қатысты. Қазақстан атынан жалғыз Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті қатысып, өз ғылыми әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті.
Симпозиумды Silk Road Research академиясы келесі серіктестермен бірлесіп ұйымдастырды:
- Абдулла Қадыри атындағы Джизак мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан);
- Окленд университеті (Жаңа Зеландия);
- Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Өзбекстан);
- “1918 жылғы 1 желтоқсан” университеті, Алба-Юлия (Румыния);
- Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Әзірбайжан);
- Хазар университеті (Әзірбайжан);
- Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті (Өзбекстан);
- TEAM University (Өзбекстан);
- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (Қазақстан).
Симпозиум студенттерге өз идеяларын ұсынуға арналған кәсіби алаң ғана емес, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Бұл іс-шара әлемдік академиялық қауымдастықты нығайтуға үлкен үлес қосары сөзсіз.
Бүгін университет басшылығы мен оқытушылары бас қосқан жиында аталған симпозиумға қатысқан студенттеріміз: Диана Кәрімбек, Марьяна Жаңаберген, Гүлнур Әділбекқызы, Аяна Тілеуғабыл, Андрей Рекечинский, Нұршаш Әбдіраман, Сания Ибрагимова, Шубай Қасымжомартқа, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшілері: Раушан Қуатбекова, Меруерт Сарсембаева, Айнура Ермекова, Сабина Кубеева, Ерназ Оралбаевқа оқу орнымыздың ректоры Махметғали Сарыбеков салтанатты түрде сертификаттарын табыстады.
Бұл жетістік – біздің университетіміздің халықаралық білім беру және ғылым саласындағы беделінің айқын дәлелі. Қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!