COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / «Тәуелсіз Қазақстан: орнықты даму, бәсекеге қабілеттілік және тұрақтылық» атты дөңгелек үстел

«Тәуелсіз Қазақстан: орнықты даму, бәсекеге қабілеттілік және тұрақтылық» атты дөңгелек үстел

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан: орнықты даму, бәсекеге қабілеттілік және тұрақтылық» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға университет басшылығы мен қызметкерлері қатысып, егемендіктің ел өміріндегі маңызы мен жетістіктері талқыланды. 

 

 

 

Іс-шараның ашылуында университет ректоры Махметғали  Сарыбеков өз сөзінде тәуелсіздік жылдарының жетістіктеріне тоқталып:

«Тәуелсіздік – бұл тек тарихи жеңіс емес, ол елдің болашағына жол ашатын берік іргетас. Біз үшін бұл күн – еркіндіктің, білім мен ғылым арқылы алға басудың символы», – деді.

 

 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы өз баяндамасында тәуелсіздіктің халқымыздың ең басты құндылығы екенін атап өтті:

«Тәуелсіздік – бұл ұлттың ұлы мұраты. Бүгінде біз осы күннің тарихи маңызын толық түсініп, оны сақтау үшін жауапкершілікті сезінуіміз керек. Тарихымызды білу, оны жас ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз», – деді ол. Сонымен қатар, ол егемендік жылдары елімізде жүзеге асқан мәдени және әлеуметтік жобаларға тоқталды. 

Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бахтияр Бекназаров өз сөзінде тәуелсіздікке үлес қосатын жастардың рөліне назар аударды:

«Жастар – елдің болашағы. Олар тәуелсіздік рухын сақтап, алға жетелеуші күш. Қазіргі жастарымыз білімді, жаңашыл, олар әлемдік аренада Қазақстанның беделін асқақтатып жүр. Біз жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру арқылы олардың ел дамуына қосатын үлесін арттыруымыз керек», – деді ол.  

Дөңгелек үстел пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тәуелсіздіктің мәні мен оның ел болашағындағы рөлін талқылады. Тәуелсіздік құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және оның тарихи маңызын сақтау мәселелері басты назарда болды. 

Іс-шара барысында тәуелсіздік ұғымының елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіндегі маңыздылығы тағы бір рет атап өтілді. Университет ұжымы бұл бағытта ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы үлесін жалғастыруға ниетті.