COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Мектептегі университет күні: оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер

Мектептегі университет күні: оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” кафедрасы қала мектептерінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Университет күні» іс-шарасын бастады.

Күні кеше ғана кафедра ассистенті Нұрғиса Шарапов пен IT Академиясының менеджері Санжар Жүніс Тараз қаласындағы №2 мектепте «Информатика апталығы» аясында оқушылармен кездесу өткізді.

 

Іс-шара барысында университет өкілдері IT саласындағы білім беру бағдарламалары, қазіргі заманғы технологиялық трендтер және осы бағыттағы мүмкіндіктер туралы кең көлемде ақпарат берді.

Оқушылар назарына робототехника, дрондар, заттар интернеті және жасанды интеллект бойынша арнайы көрме ұсынылды. Көрме IT саласына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының ерекше ықыласын оятты. Бұл бағыттар бойынша оқушыларға IT саласының даму мүмкіндіктері мен заманауи технологиялардың маңызы туралы сұхбат жүргізілді.

 

 

Сонымен қатар, университет жанындағы ІТ Академияның «ҰБТ-ға дайындық», «Робототехника» және «Java-разработчик» секілді курстары туралы ақпарат берілді. Университеттің Cisco және Huawei ICT Халықаралық академияларымен бірлесіп, халықаралық білім беру курстарына қолжетімділік жайлы да айтылды. Бұл курстар арқылы оқушылар IT саласының ең өзекті бағыттарында білім алып, әлемдік деңгейдегі сертификаттарға ие бола алады.

Кездесу барысында оқушыларға университеттің заманауи зертханаларына экскурсия жасау ұсынылды. Бұл алдағы кездесулерде оқушылардың тәжірибелік білімін арттырып, технологиялық құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

 

 

«Университет күні» жобасы арқылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті IT саласына қызығушылық танытқан оқушыларға сапалы білім алуға және болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт береді. Университет кәсіби бағдар беру жұмыстары арқылы оқушылардың болашаққа сеніммен қарауына және заманауи технологиялар әлеміне қадам басуына ықпал етуді жалғастырады.