COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / «Студенттерге жасалынған қолайлы орта – болашаққа салынған инвестиция»-студенттік ректор

«Студенттерге жасалынған қолайлы орта – болашаққа салынған инвестиция»-студенттік ректор

 

Бүгінгі таңда мемлекетіміз жастардың сапалы білім алуына, олардың әлеуетін толық ашуға ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, шәкіртақының өсуі, жатақханалардың жағдайын жақсарту, білім алуға қолайлы орта құру – осының бәрі студенттер үшін үлкен қолдау. Осы тақырыпта Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттік ректоры, белсенді студент Аққанат Болатпен сұхбаттасқан едік.

 

- Қайырлы күн, Аққанат! Қазіргі таңда мемлекет тарапынан студент жастарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы ойыңызбен бөліссеңіз. Университет студенттеріне қандай мүмкіндіктер беріліп жатыр?

 

 

 

- Сәлеметсіз бе! Шынында, студенттер үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар көп. Әсіресе шәкіртақының жыл сайын көбеюі – бұл жастар үшін үлкен мотивация. Біздің университетте мемлекеттік білім грантына берілетін шәкіртақыдан бөлек «Шерхан» шәкіртақысы (15.000тг), студенттік ректорларға берілетін шәкіртақы (40 000 теңге), сондай-ақ студенттік декандарға (25 000 тг) берілетін шәкіртақылар да бар. Сонымен қатар, жалпы қаржылай көмек мөлшерінің көбеюі көптеген студенттердің білім алуына оң ықпал етеді. Бұл тек қаржылай көмек емес, сонымен бірге жастардың белсенді болуына және білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған .

 

- Жатақхана туралы айтып өтсеңіз. Қазір жатақханада тұратын студенттердің жағдайы қандай?

 

- Мен өзім де жатақханада тұрамын, сондықтан барлық жағдайды жақсы білемін. Біздің жатақхана еліміздегі ең заманауи жатақханалардың бірі. Бөлмелер өте ыңғайлы, қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техникалармен жабдықталған. Әр қабатта демалуға арналған аймақтар, оқу залдары, тіпті спорт залдары да бар. Бұл жерде тек тұру ғана емес, шығармашылықпен, спортпен айналысуға, жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік мол .

 

- Жатақханада тұру сіздің күнделікті өміріңізге қалай әсер етеді?

 

- Жатақханада тұру өте қолайлы. Біріншіден, ол университетке жақын орналасқан, бұл уақыт үнемдеуге көмектеседі. Екіншіден, осындай ортада студенттердің бір-бірімен араласуы, идеялармен алмасуы өте ыңғайлы. Сонымен қатар, жатақхана тек тұрмыс жағдайы емес, шығармашылық пен өзін-өзі дамыту орталығы ретінде де қызмет етеді. Біз мұнда бірге жобалар жасап, жаңа достар тауып, білім алуға шабыт аламыз.

 

- Сіздің ойыңызша, осындай заманауи жатақханалар, жақсы шәкіртақы, былайша айтқанда жастарға жасалынып жатқан жағдайлар білімді жастардың көбеюіне әсер етеді ме?

 

- Бұл өте үлкен әсер береді деп ойлаймын. Жақсы жағдай жасалғанда студенттер тек оқуға ғана емес, өздерін дамытуға көбірек көңіл бөледі. Шәкіртақының өсуі олардың қаржылық қиындықтарын азайтып, білім алуға шоғырлануға мүмкіндік береді. Ал жатақханадағы жайлылық шығармашылық, спорт және демалыс үшін керемет орта ұсынады. Мұндай қолдаулар болашақта жастардың елімізге үлкен үлес қосуына себеп болады. Студенттерге жасалынған қолайлы орта – болашаққа салынған инвестиция дер едім.

 

- Аққанат, студенттердің белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін дамытуда жатақхана қандай рөл атқарады?

- Жатақхана тек тұратын орын емес, ол – студенттердің өз таланттарын ашатын орта. Мысалы, бізде театр студиясы, спорт секциялары және коворкинг аймақтары бар. Мұның бәрі студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жатақханамыздағы барлық ресурстар жастардың өмірін тек қызықты ғана емес, сонымен бірге пайдалы етуге бағытталған.

 

- Сұхбатыңызға көп рахмет! Студенттік өміріңізде үлкен жетістіктерге жете беріңіз! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңғіз!

 

Аққанат: Сізге де рақмет! Барша студенттерге табысты оқу мен жарқын болашақ тілеймін!