Өндірістік практика мәселелері бойынша бағыт беру конференциясы
13.01.2025ж Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Жараталыстану» факультетіне қарасты «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасы 6В05101-Биология, 6В05102- Биология-санитарлық эпидемиология, 6В08101-Агрономия-экология білім беру бағдарламаларының 4 курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған өндірістік практика мәселелері бойынша бағыт беру конференциясын өткізді.
Конференция барысында студенттерге өндірістік практиканың мазмұны, мақсаты мен талаптары туралы толық ақпарат берілді.
Өндірістік практика - оқу процесінің маңызды кезеңдерінің бірі. Ол студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына, кәсіби дағдыларды қалыптасуына және нақты жұмыс жағдайларымен танысуына мүмкіндік береді.
Практиканың негізгі мақсаты- студенттердің кәсіби құзыреттерін нығайту, тәжірибелік дағдыларды игеру және оларды кәсіби қызметке дайындау.