«Ғылымдағы әйелдер: Өсу, өрлеу, өркендеу» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ғылымдағы әйелдер: Өсу, өрлеу, өркендеу» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай өткізілді. Жиынның мақсаты – ғылым саласында қызмет етіп жүрген әйелдерге кәсіби қолдау көрсету, олардың ғылыми жетістіктерін насихаттау және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге ғылыми-зерттеу саласында қызмет етіп жүрген әйел ғалымдар, университет оқытушылары мен студенттері, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер ғылымдағы әйелдердің көшбасшылық рөлі, гендерлік зерттеулер, заманауи технологияларды енгізудегі ықпалы және жас ғалымдарды қолдау мәселелерін талқылады.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
Ғалым әйелдердің ғылым мен білімдегі үлесі;
STEM және IT саласындағы әйелдердің мүмкіндіктері;
Ғылыми зерттеулерді қолдау және дамыту жолдары.
Жиын соңында қатысушылар ғылымдағы әйелдердің рөлін нығайту бойынша ұсыныстарын айтып, ғылымды дамытудағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған пікірлерімен бөлісті. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.