COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді

 

2025 жылдың 7 ақпанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ардагерлері А.Б.Абдуалиев, С.Д.Тәжібаев, М.Жұмаділдаев және «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Е.Есперов Рысқұлов ауданының Ақыртөбе және Жамбыл атындағы орта мектептерінде кәсіби бағдар беру мақсатында 11-сынып оқушыларымен кездесті. 

Кәсіби бағдар беру кездесулеріне 53 оқушы қатысты. Шара барысында университеттің материалдық-техникалық базасы, профессор-оқытушылар құрамы және білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушыларға университет жайлы арнайы дайындалған бейнефильм көрсетіліп, жарнамалық материалдар таратылды.

Кәсіби бағдар беру барысында көтерілген мәселелер:
• Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар мен еңбек нарығындағы өзгерістер;
• Мамандығы мен оқу орнын таңдауда оқушылардың қабілеттерін ескеру маңыздылығы;
• Жоғары оқу орнына түсу кезіндегі негізгі қадамдар мен мүмкіндіктер;
• Университеттің білім беру бағдарламалары және артықшылықтары.

Кездесу кезінде оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, оларға толық әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, жоғары оқу орнына түсуге ниетті оқушылардың тізімі жасақталып, олардың таңдаған пәндері бойынша ақпарат жиналды.

Мектеп әкімшілігінің сұранысына сәйкес, алдағы уақытта университет базасында ашық есік күнін өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шара талапкерлерге университеттің оқу процесімен жақынырақ танысып, болашақ мамандығын таңдауда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті талапкерлерді сапалы білім алып, жарқын болашаққа қадам жасауға шақырады!