COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Прогрессивті жастар – Жаңа Қазақстанның болашағы

Прогрессивті жастар – Жаңа Қазақстанның болашағы

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің бастамасымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара университеттің заң клиникасында және конференц-залда ұйымдастырылып, оған нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар палатасы, заң консультанттары палатасы, адвокаттар алқасы, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты.

Шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әділет органдарының қызметімен таныстыру және заң саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.

 

 

Дөңгелек үстелген қатысқан спикерлер қатарында нотариаттық палатаның атқарушы директоры – Данияр Өмірбеков, нотариус- Қарлығаш Дауылбаева, жеке сот орындаушысы- Дәурен Дүйсебаев, адвокат- Тоқтағұл Сералиев, Жамбыл облысы Әділет департаментінің өкілдері-  Еркебұлан Жұмажанов, Жұмағали Абдуали, университеттің заң факультеті оқытушылары- Асхат Газаев, Әлия Мұсаева болды.

Дөңгелек үстел барысында жастардың заңнамалық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетті дамыту, өз саласында білікті маман болуға талпыну , ел дамуына өз үлесін қосу сынды маңызды бастамалар айтылды.

 

 

Кездесуде студенттер көкейдегі сұрақтарына толық жауап алды. Спикерлер заңгер мамандығының маңыздылығына тоқталып, нотариустардың, адвокаттардың және сот орындаушыларының қызметі туралы құнды ақпаратпен бөлісті.

Диалог жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар еліміздегі құқықтық мәдениеттің дамуы мен заңгер мамандардың рөлі жайлы тың ойларымен бөлісіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.