COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Заң факультетінде пәндік олимпиада өтті

Заң факультетінде пәндік олимпиада өтті

 

2025 жылғы 13-14 ақпан күндері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің "Заң" факультетіне қарасты 6В04201-«Құқықтану», 6В04202-«Қылмыстық құқық және процесс» және 6В04203-«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер» білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға жалпы 57 студент қатысып, олар «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқық», «Азаматтық құқық (жалпы бөлім)», «Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)» пәндері бойынша білімдерін сынады. Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең – тестілеу, ал екінші кезең – практикалық (казустық) тапсырмаларды орындау.

 

 

Олимпиаданың басты мақсаты – болашақ заңгерлердің кәсіби қабілеттерін анықтау, олардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне деген ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби әлеуетін қалыптастыру.

Тестілеу кезеңінен сәтті өткен студенттер келесі кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

1 орын – Асылқызы Диана

2 орын – Сметулла Жандос Ернарұлы, Нұрқожа Нұрай Кенжеханқызы

3 орын – Ергешбай Диана Батырбекқызы, Жакіш Анель Болатқызы

 

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды, сондай-ақ олимпиадаға белсене қатысқан студенттерге алғыс хаттар табысталды.

Бұл олимпиада студенттердің заң ғылымына деген қызығушылығын арттырып, болашақта білікті заңгер ретінде қалыптасуына оң ықпал етеді.