COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / «Оян, қазақ!» облыстық эссе байқауы өтті

«Оян, қазақ!» облыстық эссе байқауы өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай «Оян, қазақ!» атты облыстық эссе байқауы өтті.

 

 

Бұл байқау жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және Дулатов мұрасын насихаттауға бағытталды. Жарысқа қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде эссе жазып, ұлттық сана, тәуелсіздік құндылықтары, білім мен бәсекеге қабілеттілік тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

 

 

Қазылар алқасы жұмыстарды мазмұнының тереңдігі, тілдік көркемдігі және ой жүйелілігі бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Үздік шыққан қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, жастардың рухани дамуына ықпал ететін ауқымды жобаға айналады деп күтілуде.