Айтыс жанрының трансформациясы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Жамбыл облысы айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұйымдастыруымен «АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бабаларымыздан мұра болып қалған айтыс өнерін дамытып, дәріптеуді мақсат еткен конференцияға 170-ке жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар, оның ішінде, 40 баяндама шет мемлекеттерден, 130 баяндама республикалық жоғары оқу орындары, колледж бен мектептерден мақалалар келіп түсті. Баяндамалар (Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті, Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік университеті, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті, Азербайджан мемлекеттік тілдер университеті, Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қалалық гимназия мектептері мен аудандық мектептерден т.с.с.) жинақ түрінде баспа бетіне жарияланды.
Пленарлық мәжілісте 7 баяндама тыңдалды:
1.ИСАКУЛОВА НИЛУФАР ЖАНИКУЛОВНА – Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ. Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ТРЕНДТЕРІН ПАЙДАЛАНУ»;
2.БЕКБЕРГЕНОВА ЗИЯДА УТЕПОВНА – Қарақалпақ гуманитарлық пәндер ғылыми-зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қ. Тақырыбы: «ҚАРАҚАЛПАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ АЙТЫСТАРЫ»;
3.KHALIFA PALUANOVA – Uzbekistan state university of world languages, Tashkent, Uzbekistan Тема: «АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЭЗИЯЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САЛЫСТЫРЫП ЗЕРТТЕУ»;
4.МЕҢДІБАЙ ӘБІЛҰЛЫ – Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «ЖАЗБАША АЙТЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ, ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ»;
5.НАРБЕКОВА АЙНУР МЫРЗАХМЕТОВНА – Аркадий Гайдар атындағы №35 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «АЙТЫСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ»;
6.ТУЙМЕБЕКОВА АЛИЯ АБЗЕЛБЕКОВНА – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс докторанты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Тақырыбы: «Б.МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ АЙТЫС ӨНЕРІ»;
7.БЕЙБІТ КАУСАР АРНҰРҚЫЗЫ– Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 9 сынып оқушысы, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «ҚАЗІРГІ АЙТЫС – ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ТОҒЫСЫ». Ғылыми жетекші: МҰСАБЕКОВА МАДИНА ДАНИЯРБЕКҚЫЗЫ – Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы, Тараз қ.
Халықаралық конференцияда «Айтыс–бабалар мұрасы» атты тақырыбында ақындар айтысы мен жазбаша айтыс ұйымдастырылды.
Ақындар айтысы: «Сүйінбай мен Қатағанның» айтысы (қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Муратов Данабек пен Рысбек Бағдаулет), «Қыз бен жігіт» айтысы (Медеу мен Айым);
Жазбаша айтыс (Рабиға мен Аяжан, Нұрай мен Арай – қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері).
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры, б.ғ.к., профессор Қожамжарова Латипа Сейдахметқызына және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, п.ғ.к. Кудайбергенов Арман Ерғалиұлына конференцияны қорытындылап, үздік баяндамашыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады. «Педагогика» факультетінің декан міндетін атқарушы Нурбеков Талғат Балтабекұлы Халықаралық конференцияға келген зиялы қауым өкілдері мен қонақтарға алғыс білдірді.