COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / "Көп ұлтты Қазақстан: өткені мен болашағы" апталығының ашылуы өтті

"Көп ұлтты Қазақстан: өткені мен болашағы" апталығының ашылуы өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Жаратылыстану» факультетінің «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-наурыз – Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай  «Көп ұлтты Қазақстан: өткені  мен болашағы» атты  апталықтың ашылуы мен ашық дәріс өткізілді.

 

 

Шара бірегейлік пен бірліктің қазақстандық үлесін насихаттау, жалпыұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, тарихи жадты сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Дәрісті тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуалы Асқар Бегадылұлы жүргізді. Шараға Қазақстан Халықтары Ассамблеясының өкілдері, тарихшы ғалымдар мен университет студенттері қатысты.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесі республика көлемінде тойлануда. Осыған орай, ашық дәріске арнайы шақырылған Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ғылыми-сараптамалық топ» бөлімінің жетекші сарапшысы Исмайлова Замана Назимгызы мен  Көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы, Тарих және география кафедрасының профессор асисстенті Тоқболат Сейілхан Тоқболатұлы өз баяндамаларын оқып, қатысушыларға тәуелсіз еліміздің өткені мен болашағы турасында келелі мәселелерге тоқталды.