COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Әскери қызмет – Отан алдындағы парыз!

Әскери қызмет – Отан алдындағы парыз!

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасында маңызды кездесу өтті.

6В01411 – «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенттері ҚР Қорғаныс министрлігінің Жамбыл облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, полковник Симтиков Қуаныш Алпысбайұлымен жүздесті.

 

 

Кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі әлеуеті, әскерге шақыру тәртібі және әскери қызметтің қыр-сыры туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ, патриоттық тәрбие бағытындағы мәселелер де назардан тыс қалмады.
Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық әрі қанағаттанарлық жауаптарын алды.

 

 

Кездесу соңында университет Президенті Нұржан Муслимов құрметті қонағымызға алғыс айтып, екіжақты байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді.

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы!