2025-2026 оқу жылына элективті пәндердің презентациясы
«Экономика және басқару» кафедрасының БББ жауапты эдвайзерлері 6В04101 Экономика, 6В04104 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04105 Менеджмент: Адам ресурстарын басқару білім беру бағдарламаларының 1, 2, 3 курс студенттеріне 2025-2026 оқу жылына элективті пәндердің презентациясын өткізді.
«Экономика және бизнес» факультетінің деканы, Phd Куатбеков Жарас Алпысбаевич студенттерге білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогы туралы түсіндіріп, келесі оқу жылына жоспарларған пәндер туралы ақпарат берді.
Кафедраға қатысты білім беру бағдарламаларының эдвайзерлері әр БББ бойынша студенттерге келесі оқу жылына жоспарланған элективті пәндермен, олардың сипаттамаларымен, мақсаттарымен, алынатын дағдыларымен таныстырды.