COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Ұлы Жеңіске – 80 жыл, ҰОС ардагерлеріне мың алғыс

Ұлы Жеңіске – 80 жыл, ҰОС ардагерлеріне мың алғыс

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері-біз үшін батылдық пен табандылықтың жанды көрінісі. Олардың ерлігі мен патриотизмі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету үшін біз олардың үйлеріне барып, баталарын алуды шештік. Бұл ұрпақтар арасындағы байланыс пен өзара сыйластықты нығайтудың бір жолы. Олардың өмір жолы шынымен де ерекше, өйткені соғыс жылдарында көптеген қиындықтардан өтіп, еліміздің басты оқиғаларында маңызды рөл атқарды.

Олардың ерліктері туралы үнемі айту керек және бұл болашақ ұрпақ үшін өте маңызды! Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Экономика және бизнес» факультетінің ұжымы мен студенттері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай және Алғыс айту күніне сәйкес Тараз қаласында тұратын ҰОС ардагері Мүтәліп Ережепбаевпен кездесіп, сыйлықтар табыстады. Ардагеріміздің өмір жолы туралы әңгімелерін тындап, соңында ардагер атамыздың батасын алдық.

Ардагерлердің өмірі біз үшін маңызды сабақ болып табылады. Олар өздері үшін ғана емес, болашақ ұрпақтың болашағы үшін де күрескен қаһарман адамдар. Біз олардың ерліктерін есте сақтауымыз керек. Біздің мақсатымыз-әр ардагерге құрмет көрсету. Осылайша ұрпақтар арасындағы байланыс нығайып, еліміздің тарихы туралы естелік ұрпақтан-ұрпаққа берілетін болады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері біздің жүрегімізде мәңгі қалады!!!