COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / "Шерхан аруы - 2025" байқауы өтті

"Шерхан аруы - 2025" байқауы өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде дәстүрлі "Шерхан аруы - 2025" байқауы ұйымдастырылды. Сұлулық пен зеректік сынға түскен бұл байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші бейнетаныстырылым кезеңінде әр қатысушы өзі туралы бейнеролик әзірлесе, «Сұхбат» кезеңінде әділқазылар алқасымен сұхбат жүргізілді.

Байқау нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

«Шерхан аруы – 2025» – Досманбет Нұрай Дәуренбекқызы (Мжб-24-1)

«Сымбатты қыз» – Жаманбай Гүлсезім Әсетқызы (Шт-24-11)

« Бұрымды қыз» – Құдайбергенова Ақбота Қуатовна (Хим-24-1)

« Күлімкөз қыз» – Асқар Айгерім Елдосқызы (Бөпә-24-3)

« Ажарлы қыз» – Қыдырбек Жасмина Жасұланқызы (Шт-24-7)

« Парасатты қыз» – Қуанышбек Нұрай Айдарқызы (Ко-23-1)

« Инабатты қыз» – Бөрібек Балнұр Нұрболқызы (Ссб-24-1)

« Шырайлы қыз» – Орынбай Аэлита Қалдыбекқызы (Сс-24-1)

Байқаудың бас жүлдегері Нұрай Досманбет облыстық "Үкілі ару - 2025" байқауына жолдама алып, сонымен қатар Қазақстан қалаларына тегін саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды.

"Шерхан аруы - 2025" байқауы университет қабырғасындағы ең көрікті әрі мәнді іс-шаралардың бірі. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Бұл байқау қыздардың сұлулығы мен парасатын дәріптеп қана қоймай, оларға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!