COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Республикалық «V Шерхан Мұртаза оқуларының» қалалық кезеңі мәресіне жетті

Республикалық «V Шерхан Мұртаза оқуларының» қалалық кезеңі мәресіне жетті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру және Шерхантану» орталығы Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шерхан Мұртаза оқуларын» өткізуді жалғастыруда.
2020 жылы өткізіліп жатқан дәстүрлі «Шерхан оқулары» байқауы әдеттегідей облыстық емес, республикалық деңгейде және онлайн форматта өтуде.
2020 жылдың 5-қазан күні дәстүрлі «V Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқау 16 қазанға дейін облыс аудандарында жалғасын тауып, 16 қазан күні облыстық, 11-12 қараша күндері республикалық кезеңінің өткізілуімен өз мәресіне жетеді.
Қалалық деңгейде өткізілген рухани байқауға деген оқушылардың ынтасы, қала білім бөлімі басшыларының, жалпы руханият жанашырларының белсенділігі жоғары болды. «Рухани жаңғыру және Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының игі бастамасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Саурықов тарапынан үлкен қолдауға ие болып, нәтижесінде әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз.
Онлайн форматта өткізілген байқаудың қалалық кезеңінің рухани маңызы зор болды. Байқау онлайн форматта жүргізілсе де, оқушылардың белсенділігі мен ынтасы өте жоғары екендігі байқалды. Қала мектептерінен барлығы 64-оқушы қатысты.
І бағыт: «Жұлдызы нұрлы суреткер» деп аталады. Бұл бағыт бойынша оқушылар жазушының драмалық шығармалары бойынша («Сталинге хат», «Ноқтаға басы сыймаған», «Домалақ ана») берілетін арнайы сұрақтарға жауап берді. Сұрақ-жауап ZOOM платформасында және WhatsApp мессенджерінде өткізілді.
ІІ бағыт: «Рух пен намыстың төресі» деп аталады. Бұл бағыт бойынша оқушылар жазушы шығармаларынан үзіндіні жатқа, мәнерлеп оқыды. Үзінді 3-5 минуттан аспауы керек. Бұл бағытта оқушының мәнері, актерлік шеберлігі де ескерілді. Оқушылар мен колледж студенттері алдын ала дайындаған бейне-үзінділерін WhatsApp номеріне жіберді.
ІІІ бағыт: «Зау тұлға» деп аталады. Бұл бағытқа оқушылар өздерінің Ш.Мұртаза туралы жазған арнау өлеңдері немесе көркем проза үлгілерімен қатысты. Арнау өлеңдері немесе жазған прозалық үлгілерінде (эссе, жазушыға хат, ой-толғаныс, т.б.) Ш.Мұртазаның жазушылық, қаламгерлік, журналистік, қайраткерлік болмысы, Т.Рысқұловтай біртуар перзенттің өмірі мен қоғамдық қызметін зерделеген зерттеуші екендігі, т.б. қырлары мен шығармашылық сырлары жан-жақты бой көрсетті. Үміткер өзінің туындысын WhatsApp номерлеріне жіберді.
ІV бағыт: «Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) деп аталады.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарында Шерхан Мұртазаның прозалық, публицистикалық дүниелері, драмалық шығармалары, философиялық тұжырымдары, патриоттық рухта жазылған, ана тіл, ұлттық тарих, ұлттық құндылықтар, ұлт болашағы мәселесіне байланысты (оқушының таңдауы бойынша) тұжырымдары терең талданып, өзіндік пікірлер мен жаңалықтар көрініс табуы қажет болатын; Тілден жазылған жағдайда Ш.Мұртазаның шығармалары тілдік тұрғыдан сауатты талданып, теориялық жаңалықтар болуы шарт еді. Үміткерлер ғылыми жобаларын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электронды поштасына жіберді.
Әр бағыт бойынша тағайындалған әділ қазылар алқасы шешім шығарды. Жекелеген номинациялар бойынша да марапаттаулар жүргізілді.
Қалалық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
І бағыт
І орын – Белгібаева Ғазиза, № 45 Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназия
ІІ орын - Исламова Бақыт, №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназия

ІІ бағыт
І орын – Үсенов Темірхан, № 48 мектеп
ІІ орын – Шайлаз Арай, № Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназия
ІІ орын – Аясхан Бегімай, №15 мектеп-гимназия
ІІІ орын – Сәден Нұрсұлу, № 12 мектеп-гимназия
ІІІ орын – Сламбек Зере, № 1 мектеп-гимназия
ІІІ орын – Тұрсынқұл Аяулым, № 34 мектеп
ІІІ орын – Маратова Айсұлу, № 5 мектеп-гимназия

ІІІ бағыт
І орын – Қойшыбек Сабина, № 53 мектеп-гимназия
ІІ орын – Жақсылықова Жібек, №5 мектеп-гимназия
ІІ орын – Өтепберген Назым, №36 мектеп
ІІІ орын – Қабыл Ақниет, № 5 мектеп-гимназия
ІІІ орын – Жанғазы Адина, №12 мектеп-гимназия
ІІІ орын – Жұмат Мөлдір, № 49 мектеп-гимназия

ІҮ бағыт
І орын – Абдикарим Анель, №15 мектеп-гимназия
ІІ орын – Асқар Күнсұлу, №5 мектеп-гимназия
ІІ орын – Сейділда Ақерке, №15 мектеп-гимназия

 «V Шерхан Мұртаза оқуларының» өткізілу кезеңдері

Аудан атауы

Жобаланған мерзімі

 

Қалалық кезең

4 қазан, 2020 жыл

 

Аудандық кезең

 

 

Жуалы айданы, Момышұлы ауылы

қыркүейк, 2020

 

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

қыркүейк, 2020

 

Жамбыл ауданы, Аса аулы

қыркүейк, 2020

 

Меркі ауданы, Меркі аулы

қыркүейк, 2020

 

Тұрар Рысқұлов, Құлан аулы

қыркүейк, 2020

 

Сарысу Ауданы, Жаңатас қаласы

қыркүейк, 2020

 

Талас ауданы, Қаратау

қыркүейк, 2020

 

Шу ауданы, Төле би ауылы

қыркүейк, 2020

 

Қордай ауданы

қыркүейк, 2020

 

Мойынқұм ауданы

қыркүейк, 2020

 

 Облыстық кезең

16-қазан, 2020 жыл

 

Республикалық кезең

12-қараша, 2020 жыл